![]() |
|||||
|
|
|
» Главная » Творческая мастерская » Начальные классы Жукенова Ғ.М., Қазақ тілі – 3 сыныпСабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, венн диаграммасы, тірек-сызба Сабақтың әдісі: венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ-жауап, тірек-сызба Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән-күй, орыс тілі Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Амандасу.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз. Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр. Мына жоспармен жұмыс істейміз.
Бірінші жоспар «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек сызба арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз. Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік? Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер? Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері дегеніміз не? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не? Жақсы өткен тақырыптарды қайталадық. ![]()
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.
Қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. (Қар) Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Қар қай кезде болады?
Қыстың жағымды, жағымсыз жақтарын айтығдаршы? Слайдпен көрсету.
Суретпен жұмыс. Қыс туралы сурет. Балалар суретке қарап әңгіме құрындар. Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Қыс келді. Балалар шаңғымен сырғанады. Тұрлаулы, тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдерді айта қойындар? Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді жалаң дейміз. Бастауыш пен баяндауыш және тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемдерді жайылма сөйлем дейміз. Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелерін қайталай отыра, жалаң және жайылма сөйлемдерді табуға үйренеміз. Жақсы тапсырманы орындадық. Дәптермен жұмыс Бүгінгі күннің ретін дәптерге жазыңдар. Қыс туралы сөйлемдеріңді тақтаға жазыңдар Тақтадағы жазылған сөйлемдерді дәптерлерімізге жазамыз. Барлығымыз жұмылып бірге жаңа тақырыпты аш Еңбек түбі береке. Өз беттеріңмен еңбектеніп жаттығу орындайсыңдар. 198-жаттығу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді табу. «Бой сергектің ойы да сергек» Сергіту сәті Би: «Чунга-чанга» Келесі жоспар: «Кімнің jqs жүйрік?» жеке жұмыс. Слайд көрсету. Суретпен жұмыс Малмен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын жаз. Ешкі, мысық, ит суреті.
Келесі жоспар Білгенге маржан, білмегенге арзан. Жаттығу Ұстаздан шәкірт озар. Күш білімде. Талаптаға нұр жауар.
Сөйлем мүшелеріне талдау. Білім туралы мақалдар айту. Дарынды оқушымен жұмыс. Берілген сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін жазу. Венн диаграммасы![]() Жақсы бүгінгі біздің жаңа өткен тақырыбымызды қайталадық. Ендеше балалар өткенді қайталай отыра жұмбақ шешеміз. Жұмбақ шешу.
Балалар сендер қандай сөйлемдер білесіңдер? Аймақ құру. ![]() Сөйлемнің түрлері: Көрініс:
Нүкен Нүкте. Сұраған. Сұрақ белгісі. Ілебай. Леп белгісі. Үй тапсырмасы: 200-жаттығу. Ереже жаттау. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. Қорытынды:
Ұятың тұр боп бетте. Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте. «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды. |
|
||
|
|||||
|
© 20052010 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||