На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz


Лента RSS
Поиск

» Главная » История

К 60-летию СК ИПК и ППК

Озық тәжiрибе — ортақ әдiс орнына — 60 жыл

Облыстық педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтының әдiскерлерi елу жылдан астам барлық аудандардың ұстаздарына оқытудың жаңа әдiстерiн ұсынып үлкен көмек көрсетуде.

Яғни ұстаздар қауылына бiлiм беруде, үнемi iзденiсте болуға, оқушыларды заманның талабына сай тәрбиелеуде табылмас жол табуда. Сонымен қатар әр мұғалiм әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарауға, осы тұлғаның өсiуне, елiмiздiң бәсекеге қабiлеттi болуына да көп көңiл бөледi. Бұл дегенiмiз, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Бiз бүкiл елiмiз бойынша әлемдiк стандарттар деңгейiнде сапалы бiлiм беру қызметiн көрсетуге қол жеткiзуiмiз керек» деген сөзiнен ұштасып тұр.

Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бiр, жаны бiр жолбасшысы — мұғалiм» десе, ал осы — Петропавл қаласындағы институт, әр өңiрден келген әр ұстазға көшбасшысы, жолбасшысы, сарапшысы, үйретушiсi, кеңесшiсi, сыншысы, ақылшысы,- дер едiм. Өйткенi институт әдiскерлерi озық тәжiрибелердi әдiстемелiк — көмекшi құрал ретiнде жинап барлық үйренгiсi, iзденгiсi келетiн ұстаздарға тарту етедi. Мұның өзi барлық ұстаздарға, әсiресе жас ұстаздарға мектепке деген, бiлiм ошағына деген қызығушылықты, дарындылықты, iзденiмпаздықты, шығармашылықты тудырады. Олай дер себебiм, жас ұстаз өзiнiң еңбегi келешекте бағаланатынын озық тәжiрибелi мол ұстаздардың марапаттарынан көредi.

2007 жылдың қараша айының 19-жұлдызынан желтоқсан айының 3-жұлдызы аралығында шығармашылық жұмыс жүргiзетiн мұғалiмдермен осы институттың арқасында Алматы қаласында бiлiм беру жүйесiнiң басты және ғылыми-педагогикалық кадрлары бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институтта бiлiмiмдi көтерiп келдiм. Сонда осы институттың әдiскерлерiне көңiлдерi толып, ерекше атап өткен педагогика ғылымдарының докторы доцент Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы. Ол кiсi осы институтта география пәнiнiң аға оқытушысы, көп жылдан берi қызмет етiп келе жатқан, жасы 70-тен асқан болса да әлi ерiнбей, талмай еңбек етiп жүрген Л.А.Виноградоваға көптен-көп риза екендiгiн Қазақстанымыздың әр облыстарынан келген ұстаздар алдында мойындады.

Л.А.Виноградова аға оқытушы арқасында көптеген ұстаздар өздерiнiң аудандарының географиясын кiтапша ретiнде басып шығарды. Бұл басылым кiтаптар өсiп келе жатқан ұрпаққа табылмас қазына, асыл мұра.

Тағы да бiр ауыз толтырып айтарым Алматыға әр облыстардан келген қазақ тiлi пәнiнiң ұстаздары, әдiскерлерi бiзiдiң осы институттан барған қазақ тiлi кабинетiнiң меңгерушiсi Гүлдәрай Қайнетованың жасаған баяндамасына, iс-тәжiрибесiне көңiлдерi толып, Ресей елiмен шектесiп жатқан Солтүстiк Қазақстан облысынан келген ұстаз, әдiскер ана тiлiмiзге таза, жатық, бiлiмдi сөйлейтiн ұстаз деген мақтау бердi. Мiне, мұның өзi нақты дәлел, институтымызда нағыз педагог болған Мағжан ағамыздың iзiн, iсiн басып жүрген қарындасы Гүлдәрай есiмi бар әдiскерiмiз жұмыс жүргiзгенде бiздер ешқашанда ешкiмнен кем қалмаймыз.

Институт әдiскерлерi басшылығымен көп көңiл дарынды шәкiрттердi айқындауда да байқалады. Мысалы дәстүрге айналған оқушылар арасында өтетiн шығармалар, олимпиадалар және де Абай, Мағжан, Мұқағали оқулары. Осы iс-шаралардың өзi оқушыларды Отанын, елiн, жерiн, дана ұлдарын, азаматтарын қадiр тұтып, мақтан етулерiне жол салады.

Осы жолы наурыз айында әр аудандардан келген ұстаздар тобы үлкен зор қуанышпен елге оралдық. Өйткенi кезiнде осы институтты басқарған Сабыр Сеңкiбаев, содан кейiн Сабыр Әбiлкарiмов ағайлардың iсiн жалғастырып кеткен ер жүректi, бiлiктi маман, бiлiмiдi басты Роза Сәкенқызының қолдауымен география, биология және басқа да пәндерден қазақша шығармашылық топтың құрылуы. Соған үлес қосқан, ат салысып, жоспар құрысқан әдiскерлер Өркешова А.К., Ахметова Н.И., Малденова Б.С. және облыс орталығындағы әл-Фараби мектеп-лицейiнiң география пәнiнiң мұғалiмi, облыс әкiмiнiң сыйлығының иегерi, өз жұмысының майталман ұстазы Құсаинова Б.Н.. Бұл қазақша шығармашылық топтың құрылуы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 115 жыл толуына үлкен бiр тарту болары сөзсiз.

Мағжан ағамыз айтқандай: «Елiмiздiң азғана жылдық ояну дәуiрiне баға беру үшiн алты алаштың баласы бас қосса, қадiрлi орын — мұғалiмдердiкi» десе, ал осы институтымыз барлық аудандардан дәрiс алуға келетiн ұстаздардың қадiрлi, ардақты орны бола берсiн! — дегiм келедi.

Осындай 60 жылдық мұрасы бар институт Мағжан гуманитарлық колледжi төрiнiң жанынан тұрақты орын алса артық болмас. Өйткенi Мағжан қазiргi қай ұстаздың, әдiскердiң болсын алғашқы ұстазы, тәлiмгерi, педагогы десем ешкiм қателеспес. Өйткенi Мағжанның «Педагогика» кiтабы ата-аналардың, мұғалiмдердiң, студенттердiң жалпы оқушыларға таптырмас, бағалы еңбек, яғни қазақ баласын тәрбиелеуде күнi бүгiнге дейiн үлгi болар тұңғыш әдiстемелiк басылым.

Барлық ұстаздарға тiлерiм Ғабит Мүсреповтiң айтқан сөзi: «Қазақтың бiлетiнi аз емес, Iстей бiлетiнi аз». Ал бұл сөз қазiр былай болса: «Қазақтың бiлетiнi де, iстей бiлетiнi де аз емес», — дегендей Солтүстiк Қазақстан педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтында бiлетiнi де, бiлiктiлiгi де мол ұстаздар бола берсiн.

60 жылдық мерейлерiңiз құтты болсын!

Қадiрлi орын институт iшi ұстаздарға толсын, мерейi үстем болсын! Шығармашылықпен айналысатын ұстаздар саны күннен күнге көбейiп, еңбектерi сапалы болсын!

Жазған: Досова Жәмила Садуқызы биология, география пәндерiнiң мұғалiмi, Ленин негiзгi мектебi, Мағжан Жұмабаев ауданы, Солтүстiк Қазақстан облысы



rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Карта сайта
Вверх
© 2005–2010 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS